Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік бойынша 54 адам сот алдында жауап беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік бойынша 54 адам сот алдында жауап беруде

19.02.2021

Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша 54 адам сот алдында жауап беруде. Негізгі тыңдау 1-ші наурыз күні өтеді. Айыпталушылардың екеуі - кәмелет жасына толмағандар. Жаппай бұзақылыққа қатысы бар деген күдікпен тағы екі адам іздестірілуде. Еске салайық, былтыр 23 шілдеде Сәтбаев қаласында 5 жасар қыз жоғалып, сол түні бала жергілікті тұрғынның пәтерінен табылды. Жиналған жұрт күдіктіні беруді талап етіп, қалалық әкімдікке және полицияға барып, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Бірнеше көлік өртенді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кішкентай қызды зорлады деп айыпталған 62 жастағы азамат кейін тергеу изоляторында асылып қалды. Ал оның үйінде қонақта болған тағы екі адам қылмысқа қатысы бар деп айыпталды.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу