Қостанай облысында «Қайырымдылық марафоны» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында «Қайырымдылық марафоны» акциясы өтті

19.02.2021

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында волонтерлар «Қайырымдылық марафоны» акциясын өткізді. Әйет ауылында ұйымдастырылған шарада волонтерлар жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп қозғалыс қауіпсіздігі жазылған буклеттер таратты. Мұнан соң қамқоршысы жоқ қарт кісілер мен көпбалалы отбасыларға азық-түлік жеткізіп берді. Биыл аудан бойынша осы қайырымдылық акциясы бойынша 200 отбасы қамтылған. Сондай ақ, көше тазалаушы еңбеккерлерге далада дастархан жайылып, ыстық тамақ берілді.  

Еркін Назаров, волонтер:
Біздің акцияларымыз көпшілікті мұқтаждарға әрдайым көмек көрсетуге дайын болуға шақырады. Үлгі болады деп ойлаймын. Себебі жыл өткен сайын қатарымыз көбейіп келеді. Олардың бәрі өз мүмкіндігінше жан-жағына қайырымдылық жасауға тырысып жүретін жандар. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу