Пандемия кезінде экономиканы қолдауға бөлінген қаражаттың 310 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемия кезінде экономиканы қолдауға бөлінген қаражаттың 310 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылған

19.02.2021

Пандемия кезінде экономиканы қолдауға бөлінген қаражаттың 310 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылған. Бұл туралы Есеп комитетінің өкілдері мәлімдеді. Қазір бұл қаражаттың 146 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды. Заңбұзушылықтар әсіресе «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында тіркелген. Нәтижесінде 196 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 72 материал құқық қорғау органдарына жіберілді. Бұдан бөлек агроөндірістік кешенді дамыту мен бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында қаражатты тиімсіз пайдалану фактілері тіркеліп отыр. 

Ілияс Өтегенов, ҚР Есеп комитеті жоспарлау және анализ секторының меңгерушісі:
Анықталған бұзушылықтардың 90 пайызы бюджеттік заңнаманың қағидаттарына қайшы. Тиімсіз жоспарлауға жатқызылады. Анықталған бұзушылықтар бойынша заңнама шеңберінде шаралар қабылданды. Нәтижелері анықталатын болады.

Дарын Сағитов

Есеп комитеті

Хабарламаларға жазылу