Алматыда 6 адамның өліміне себеп болғандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 6 адамның өліміне себеп болғандар сотталды

15.03.2018

 

Алматыда 6 адамның өліміне себеп болған батут орталығындағы өртке кінәлілер сотталды. 2016 жылдың қарашасында болған қайғылы жағдайға қатысты біршама уақытқа созылған сараптама жұмыстары аяқталып, батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов пен дәнекерлеуші Александр Жук 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

 

Олар жұмыстарына салғырт қарағаны және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін айыпты болып отыр. Оның үстіне қаза тапқан 6 адаммен еңбек келісімшарты да жасалмаған. 

 

Батут орталығының экс-директоры мен дәнекерлеуші өздерінің кінәлі еместіктерін барынша дәлелдеуге тырысқанымен, сот үкімді өзгертпеді.

 

Темірхан Құдабаев, Бостандық аудандық сотының судьясы:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 292-бабы 3-бөлімі бойынша Тұяқов Дәурен Ермекұлы кінәлі деп табылсын. Ол  5 жылға бас бостандығынан айырылады. Жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 292-бабы 3-бөлімі бойынша Жук Александр кінәлі деп табылып, 5 жыл бас бостандығынан айырылсын.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу