Қазақстанда мобильді қосымшалар арқылы аударылатын ақшаға салық салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда мобильді қосымшалар арқылы аударылатын ақшаға салық салынады

19.02.2021
Қазақстанда мобильді қосымшалар арқылы аударылатын ақшаға салық салынады

Енді Қазақстанда кәсіпкерлерге мобильді қосымшалар арқылы аударылатын ақшаға салық салынады. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты.

«Кәсіпкерлерге тұтынушылардан мобильді қосымшалар арқылы түсетін ақша аударымдарын фискализациялау мәселесіне назар аудару қажет. Қазір қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі жақсы қарқынмен дамып жатыр. Бірақ біздің алдымызда салық төлеуі тиіс кәсіпкерлердің қызметіне толығымен салық салу міндеті тұр», - деді ол Қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Осы орайда вице-премьер қазіргі таңда қазақстандық кәсіпкерлерге берілген салық жеңілдіктері ескерілуі тиіс екенін атап өтті.


Үкімет салық

Хабарламаларға жазылу