Қазақстанға келетін туристер саны 3,6 есеге төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға келетін туристер саны 3,6 есеге төмендеген

18.02.2021

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, пандемия кезінде елге келетіндер 1,8 млн-ға дейін азайды. 2019 жылы 6,4 млн турист келген еді. Ал Қазақстаннан 2,4 млн адамды шетелге саяхаттаған. Бұл пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 3,4 есе аз. Ішкі туризм де 60,3% дейін төмендеп, 3,1 млн адамға азайды. Қонақ үй, хостелдерге келушілер де өткен жылдарға қарағанда 2 есеге дейін төмендеп кеткен. Салдарынан бір жылда 3,5 мың қонақ үй, хостел, сауықтыру орындары жабылып қалған.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу