Құқық қорғау саласын цифрландыру – жемқорлыққа тосқауыл болады. Бас прокуратурада комитеттердің көшпелі отырысы өтіп, мәжіліс депутаттарына сандық жобалар таныстырылды. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың сөзінше, бұл технология мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың сапасын арттыруға бағытталған. «Тексеру субъектілері және объектілерінің бірыңғай тізілімі» жүйесін 60-тан астам мемлекеттік органдар пайдаланады. Жүйе кәсіпкерлерді бақылаушылар тарапынан негізсіз қысымнан қорғаудың негізгі құралы болмақ. Осы арқылы кәсіпкерлер тексерушілердің әрекеттерінің заңдылығын тексере алады.