Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту керек. Сенат депутаты Үкімет басшысына сауал жолдады. Алтынбек Нұхұлы ұлт ұстазына арналған шаралардың терең мазмұнда атқарылуына да баса мән берді. Алаш қозғалысының рухани көсемін насихаттайтын деректі және көркем фильмдерді түсіру туралы ұсыныс айтты. Тағы тұлғаны тұғырға қондыру жайы да көтерілді.
Алтынбек Нұхұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Елордада және өзі қызмет еткен Қызылорда, Семей, Алматы қалаларында ескерткіштер қою қажет деп санаймыз. Сондай-ақ, Сізден Қостанай облысы әкімдігінің алдына Ахмет Байтұрсынұлының ауылын абаттандыру, оған апаратын жолдарды жөндеу туралы тапсырма беруіңізді сұраймыз.
Нысаналы Ығыл