Ақтөбеде қаланы сумен және жылумен қамтамасыз ететін мекемеге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Себебі, компания 17 мың абонентке қате есептелген түбіртек жіберген.
Тұрғындар арызынан кейін олардың теріс әрекетін монополияға қарсы департамент мамандары әшкереледі. Желтоқсан айында мекеме жылу бағасын өсірген. Тексеріс нәтижесінде арнайы бағдарламадан ақау кетіп, жылу мен су бағасы қате есептелгені анықталды. Енді компания қателікті жойып, артық есептелген қаржыны тұрғындарға қайтаруы тиіс.
Жақсыбек Кемал