Елордада 2 мыңға жуық медицина қызметкері вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 2 мыңға жуық медицина қызметкері вакцина салдырды

18.02.2021

Елордада 2 мыңға жуық медицина қызметкері вакцина қабылдады. Ақпан айының соңына дейін әлі 200-ге тарта маманға екпе салынады. «Бастапқы 3 күн әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы сынды белгілердің болуы қалыпты жағдай», - дейді ведемство өкілдері. 

Жақында медицина мамандары вакцинаның екінші компонентін қабылдай бастайды. Ал екпенің кезекті дозасы елге жеткізілген соң, мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакцинациялау басталады. Кез келген Қазақстан азаматы өз еркімен екпеден бас тартуға құқылы. Бірақ дәрігерлер халықтың 60-70%-ы вакцина қабылдап, антидене қалыптастырмайынша, індетті жеңу мүмкін емес екенін алға тартып отыр.

Әлия Өмірзақова, алғашқы медикалық-санитариялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы:
Қазіргі кезде бұл ауруға қарсы басқа ем жоқ қой. Осы вакцина ғана. Көріп жатсыздар, карантинге қанша жабылдық, қаншама адам қайтыс болды. Осы вакцинаның көмегі болатыны дәлелденді ғой. Жайдан жай алып сала салмайды. Бұл вакцинациядан кейін иммунитет пайда болады. 

Ақниет Балтанова

вакцина

Хабарламаларға жазылу