Зергерлік бұйым өндірушілер салықтан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зергерлік бұйым өндірушілер салықтан босатылды

17.02.2021

Зергерлік бұйымдарды өндірушілер екі жылға импорттық баж салығынан босатылды. Еуразиялық экономикалық комиссия бағалы және жартылай бағалы тастардың кейбір түріне кедендік салықты алып тастады. Бұл зергерлер қолданатын табиғи және жасанды изумруд, сапфир мен лағыл секілді тастар. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бағалы тастардың өндірісі тұралап қалған. Шикізаттан салықты алып тастау өндірістегі шығынды азайтып, дайын бұйымды ішкі және сыртқы нарықта еркін саудалауға жол ашады, дейді мамандар.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу