Жапонияда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Ел билігі ковидке қарсы Pfizer, AstraZeneca, Moderna вакциналарының 314 миллион дозасына тапсырыс берген. Биыл Токиода Олимпиада ойындарының өтуіне байланысты 100 миллионнан астам адамға екпе салу жоспарланып отыр.
Ал Бразилия екпе науқанын тоқтатып жатыр. Оған препараттардың таусылуы себеп. Жаңа партия келесі аптада бірақ жеткізілуі мүмкін. Елдегі науқастар саны 10 миллионға жуықтап қалды.
Жаңа Зеландияның Окленд қаласында карантин аяқталып, ел аумағында шектеу шаралары жеңілдетілді. Инфекция бірнеше күннен бері анықталмаған. Айта кетсек, мұнда өткен аптада 3 адамнан «британдық» штамм табылып, 2 миллиондай тұрғын оқшаулау режиміне алынған еді.
Австралияның Виктория штаты да қатаң тәртіпті бәсеңдетті. «Ковид» жұқтыру оқиғалары тіркелмегендіктен, теннистен өтіп жатқан чемпионатқа көрермендердің қатысуына рұқсат берілді.
Жансая Қапасқызы