Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 қайырымды іс жүзеге асырылады. Бұл жылдағы жасалып отырған шаралардан бөлек және олардан ауқымы да кең болады. Нұр-Cұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен жиында осылай деді. Қазір азаматтық сектордың өкілдерінен түрлі ұсыныстар қабылданып жатыр. Ең пайдалы әрі тиімділері іріктеліп осы жылы іске асырылмақ. «Жалпы қазір Нұр-Сұлтан қаласында 3 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істеп жатыр. Солардың барлығынан ұсыныс күтеміз», - дейді әкімдік өкілі.
Бақтияр Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты көптеген шаралар бастап жатырмыз. Бірақ шараларды тек қана үлкен үлкен той-томалақ емес маңызды, қайырымдылық акциялар арқылы көмек ретінде, әлеуметтік көмек ретінде мақсаттар туралы сол тұжырымдаманы бекітіп отырмыз.