Маңғыстаулық браконьерлер қызыл балықты аулап, мемлекетке 45 млн теңгеден астам шығын келтірді. Заңсыз балық аулаумен айналысқан 3 адам - Қызылөзен аулының тұрғындары. Олар Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағасында қолға түсті. Браконьерлерден 60-тан астам бекіре тұқымдас балығы тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды.
Аягөз Оралбайқызы