Өңірлердің инвестициялық рейтингі жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлердің инвестициялық рейтингі жасалады

16.02.2021

Биыл қаңтарда экономиканың базалық салаларындағы көрсеткіштер жақсара бастады. Өңдеу өнеркәсібінде 3 пайыз өсім бар. Машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика, құрылыс пен ауылшаруашылығы бағытында да көрсеткіш жоғары. Тек тау-кен секторы – ұлттық экономиканың бәсеңдеуіне себеп болды,-дейді Үкімет басшысы. Бұл Қазақстанның ОПЕК+ келісіміне сәйкес мұнай өндіруді қысқарту міндетін орындауға байланысты. Сондықтан қара алтын игеру 12,3 пайызға төмендеген. Үкімет отырысында Премьер-Министр өңір басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Министрліктер мен әкімдіктер жұмысты жандандырып, тиісті шаралар қабылдап, белгіленген мақсаттар мен міндеттерді нақты орындауы қажет.

Бұдан былай өңірлердің инвестициялық рейтингі жасалады. Бұл соған жауапты облыс әкімдері орынбасарларының негізгі міндеті. Қайткенде де ел экономикасына қаржы тарту көлемін арттыру керек. Сондай-ақ Асқар Мамин өзінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб құруды тапсырды. Оның отырысын апта сайын өткізу керектігін шегеледі.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу