«Бестемше» ойыны қайта жаңғырды

16.02.2021

Маңғыстауда «Бестемше» деп аталатын қазақтың ежелгі ұлттық ойыны қайта жаңғырды. Баланың зердесін ашатын зияткерлік ойынды жас мұғалім Әсем Азанова қолға алған. Ол өзі жұмыс істейтін Баутино ауылындағы мектепте үйірме ашып, 20 шақты баланы ұлттық ойынға баулып келеді. Мектепішілік жарыстар ұйымдастырып, өзге оқушылардың да қызығушылығын оятқан. Ойыншылардың қатары артқан соң оқытушы ойынның үлкен тақтасын жасатты. Оқушылар мұнда топтасып ойнайды. Бестемше ойыны «Тоғызқұмалақ» секілді баланың ойлау қабілетін арттырып, есепке жүйрік болуына ықпал етеді.

Әсем Азанова, мұғалім:
«Бестемшеде» тұздық жоқ. «Тоғызқұмалақтан» айырмашылығы сол. 5 отау, 2 орда, 10 тастан тұрады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу