Жезөкшелердің заңсыз әрекетін жасырған ақтаулық полицей сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезөкшелердің заңсыз әрекетін жасырған ақтаулық полицей сотталды

16.02.2021

Ақтауда жезөкшелердің заңсыз әрекетін жасырып келген учаскелік инспектор 4 жылға сотталды. 

Ал жеңіл жүрістілердің қызметін ұйымдастырған қылмыскер 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Жезөкшелерге қамқоршылық танытқан ақтаулық полицейлердің қылмысы былтыр төтенше жағдай кезінде әшкере болды. Сол кезде бірнеше тәртіп сақшысына қатысты іс қозғалды. Сот отырыстары жарты жылға созылып, нәтижесінде бір инспектор және Өзбекстан азаматы сотталды. 

Аралбай Нағашыбаев, Ақтау қалалық сотының судьясы:
Сотталушы К. өзінің байқауындағы аумақта Н.-ның заңсыз іс әрекетін жүзеге асыруына ықпал етіп, қамқорлық көрсетіп, одан 15 000 теңге пара алған. Нәтижесінде карантиндік шектеулерге қарамай, притонда адамдардың жиналуына жол беріліп, короновирус инфекциясының тез таралып, адамдырдың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу