Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды

16.02.2021

Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды. Енді бір адамға бес бөлкеден артық сатылмайды. 

Қалалық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, нан өнімдерін өндіретін зауытқа қарасты дүкендерге осындай шектеу енгізілген. Себебі кейбір кәсіпкерлер таңғы уақытта дүкендегі бар нанды сатып алып, үстіне ақша қосып өткізетін көрінеді. Сондықтан тапшылық болмау үшін осындай қадамға бардық дейді мамандар. Дегенмен, нан өндірісі мен дүкендерге жеткізу көлемі өзгермейді. Сондай-ақ әкімдік пен зауыт арасындағы келісімшартқа сәйкес, бір бөлке нанның бағасы 75 теңге болып бекітілген.

Дамир Тазабек, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:
Сол келісімшарт бойынша «Ақсай нан» тұрақтандыруға келісіп отыр. Алыпсатарларға қарсы келген әрекет, тәжірибе бойынша. Кәдімгі тұрғындарға қиыншылық бұл жерде тумайды. Және де басқа да дүкендерде ешқандай шектеулер жоқ. 


Хабарламаларға жазылу