Алматыдағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті лицензиясынан айырылды. Білім және ғылым министрлігі оқу орнының жұмысын тексергенде, оқытушылар жетіспейтіні анықталған. Сондай-ақ материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілмегені белгілі болды. Университет басшылығына олқылықтарды жоюға уақыт берілген. Алайда олар ескертуге құлақ аспай, жұмысын жалғастырған. Ақыры министрлік сотқа жүгінді. Әкімшілік соттың қаулысына сәйкес, медициналық университет айыппұл арқалап, білім беру лицензиясынан айырылды. Жоғарғы оқу орны енді 10 жұмыс күні ішінде қызметін тоқтатуы тиіс.
Нұрхан Нұрланұлы