Ресей коронавирустың «британдық» штамын анықтайтын тесті жасап шығарды. Әлемде жоқ сынаманы «Роспотребнадзор» Орталық ғылыми зерттеу институтының эпидемиологтары ойлап тапқан. Тестің жаңа түрі мутацияланған вирустың бар-жоғын нақты көрсетеді. Бұл клиникалық зерттеулерде дәлелденіп отыр. Реагент жиынтығы клиникалық сынақтардан өтіп, Ресейде қолданылуға рұқсат берілген яғни, ресми тіркелген. Ғалымдардың сөзінше, жаңа технология тағы да түрленуі ықтимал вирустарды анықтайтын реагенттерді жасауға мүмкіндік бермек.
Айта кетейік, ковидтің «британдық» штамы былтыр жыл аяғында жер жаһанға тарады. Қазақстанда әзір анықталған жоқ. Өкінішке қарай, көршілеріміз Өзбекстан мен Қырғызстанда вирустың мутацияға ұшыраған деректері жиі тіркелуде.