Ұлықбек Есдаулет: Ш.Сариевтің шығармалары оқырмандарының жүрегінде мәңгі сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлықбек Есдаулет: Ш.Сариевтің шығармалары оқырмандарының жүрегінде мәңгі сақталады

15.02.2021

75 жасқа қараған шағында өмірден озған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев артына мол рухани мұра қалдырды. Ақын 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. Оның есімі өлеңсүйер, әнсүйер қауымға жақсы таныс. Лирикалық жырлары мен өлеңдері көптеген қазақ композиторларының шығармашылығына арқау болды. Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Қазақ, орыс тілдерінде 20-ға жуық кітабы шықты. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылды. Ол әдебиет зерттеуші ғалым ретінде де құлаш-құлаш ғылыми мақалалар мен еңбектер жазды. Әдебиет саласындағы әріптестері мен ізбасарлары Шөмішбай Нағашыбайұлының мол мұрасы мәңгі есте сақталатынына сенім білдірді.

Ұлықбек Есдаулет, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы:
Өзінің 75 жасын атап өтуге дайындалып жүр еді. Міне соған жете алмай кетті. Бірақ оның өлеңдері оқырмандарының жүрегінде, әндері тыңдармандарының, көрермендерінің көкейінде мәңгі сақталады деп мен айтар едім.
Кенжехан Матыжанов, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры:
Алған биігі бар. Шөкеңнің ол орнын ешкім айырбастай алмайтындай аса қадірлі азамат болатын. Қазақ халқына, жалпы қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз. Шөкеңнің жарқын бейнесі, жақсы қасиеттері біздің жүргегімізде мәңгі сақталады.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу