Бельгияда шаштараздар жұмыс істей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда шаштараздар жұмыс істей бастады

15.02.2021

Австрия, Словения мен Бельгияда эпидахуал сәл тұрақтаған соң үкімет шаштараздардың ашылуына рұқсат етті. Австриялықтар мен словениялықтар салондарға ковидке тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетсе ғана кіре алады. Ал Бельгияда шаштараздар алдын ала жазылған клиенттерді ғана қабылдайды. 10 шаршы метрге бір адамнан есептелген. Шаш қиюшылар әр клиенттен кейін ғимараттың ауасын тазартып, құрал-саймандарын дезинфекциялауға міндетті. Тұрғындар кезегін сыртта күтуі тиіс. Бұрынғыдай ғимараттың ішінде отыруға тыйым салынған. 

Бельмесаут Тарек, шаш қиюшы:
Біз бұл күнді өте ұзақ күттік. 3,5 ай үйде жұмыссыз не істерімізді білмедік. Өте қиын болды. Үкіметтің берген жәрдемақысы жалдап отырған ғимаратымыздың коммуналдық төлемдерін төлеуге де жетпеді. Қатаң талаптарды қолдан келгенше орындаймыз. Әйтпесе, тағы да жауып тастауы мүмкін. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу