АҚШ Сенаты бұрынғы президент Дональд Трампты сот ісінен ақтап шығарды. Импичментті сенаторлардың 57-сі қолдаса, 43-і қарсы болған.
Экс-президентті заң бойынша жауапкершілікке тарту үшін 10 дауыс жетпеген. Ақ үй басшысы Джо Байден Трамптың ақталғанына қарамастан, оны 5 адамның өліміне әкелген Капитолидегі бүлікке жауапты деп мәлімдеді. Ал саясаткердің жақтастары сот процесін Конституцияға сай емес деп отыр. Айта кетсек, Дональд Трамп – АҚШ тарихында екі мәрте импичмент жарияланып, екеуінде де ақталып шыққан алғашқы президент.
Жансая Қапасқызы