Қазақстанда 23 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 23 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

15.02.2021
Қазақстанда 23 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Өткен тәулікте коронавирустан 4 адам көз жұмды. 772 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 202573-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 866 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 185205. Қайтыс болғандар - 2646.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 542 адам ем қабылдап жатыр. 249 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 19 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48694 адамға пневмония диагнозы қойылды. 39274 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 600.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу