Тоқаев сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

14.02.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы cоттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлескен іс-шара жүргізіп, нәтижесінде 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Жоғарғы cот судьясы ірі көлемде ақша алған кезде ұсталғанын Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол параны Жоғары Cот Кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдемдескені үшін алған. Пара берген аудандық судья Түркістан қаласында ұсталған. Детальдары ресми хабарламада жоқ. Дегенмен Жоғарғы сот судьясының Жоғары Сот Кеңесінде істеген кезде көрсеткен «көмегі» үшін деген сөйлем елең еткізді.

Жұмада сот жүйесін жаңғырту жөнінде Президент Қ.Тоқаев кеңес өткізіп, бұл фактіні масқара деп сипаттады. Нысаналы Ығыл жалғастырады.


Хабарламаларға жазылу