Ақылы жолдарда жылдық лимитсіз абонемент қызметі іске қосылуы мүмкін. ҚазавтоЖолдың хабарлауынша жүргізушілер тарапынан осындай ұсыныстар көп. Ол іске асса белгілі бір сомаға жылдық абонемент сатып алуға болады. Сөйтіп оның мерзімі аяқталғанша ақылы жолда төлемсіз жүре береді.
Айта кетейік, биыл елімізде 13 жол-учаскесі ақылы болады. Олар Қапшағай-Талдықорған, Қызылорда-Шымкент-Тараз, Ақтау-Бейнеу, Нұр-Сұлтан-Павлодар. Ақылы жолдардан 6 миллиард теңгеден астам ақша түседі деп болжанып отыр.
Досжан Маратұлы