Қарағандыда екі жасар сәбиінің тісін емдетпек болған ерлі-зайыпты баласынан көз жазып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда екі жасар сәбиінің тісін емдетпек болған ерлі-зайыпты баласынан көз жазып қалды

26.02.2018

Қарағандыда екі жасар ұлының тісін емдетпек болған ресейлік ерлі-зайыпты қапыда сәбиінен көз жазып қалды. Оқиға 23-ақпан күні қаладағы стоматологиялық клиникалардың бірінде болған. Ата-анасы Қарағандыда қызметте жүргендіктен, сәбиін жергілікті емханаға апарыпты. Клиникада баланың күре тамырына анестезия егіліп, ес-түзсіз қалған. Дереу жедел жәрдеммен облыстық медицина орталығына жеткізілген. Алайда, Семен Арзамасцевтің өміріне дәрігерлер араша түсе алмады. Қазір облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Ішкі істер органымен бірлесіп, жоспардан тыс тексеріс жүргізуді қолға алды. Комиссияның құрамына клиникалық фармокология, анестезиология-реаниматология, патоморфология, сот-медициналық сараптама және балалар стоматологиясы салаларындағы тәуелсіз сарапшылар енді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сұлтанат Жақсыбаева, облыстық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің бас маманы:

- Баланың ата-анасының айтуы бойынша, аллергия болғаны белгілі болды. Бірақ, сынама алынбаған. Негізі алынуы керек еді. Стомотологиялық клиникаға анестезиология-реаниматология қызметін тоқтату туралы хабарлама берілгені туралы айтамыз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу