2040 жылы Қазақстанда су тапшылығы 50 пайызға жетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2040 жылы Қазақстанда су тапшылығы 50 пайызға жетуі мүмкін

12.02.2021

Ғалымдардың болжамы бойынша, 2040 жылға дейін су тапшылығы 50 пайызға жетуі мүмкін. Бүгін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа отырыснда тиісті ақпарат жария болды. ҚХР және көрші елдермен суды тиімді пайдалану туралы бірнеше комиссия отырысы өтті. Қырғыз тарапымен суды электр энергиямен алмасу туралы келісім бекігін. Трансшекаралық су обьектілерін бірлесіп басқару туралы келіссөздердің 95 пайызы оң шешілген. Соған қарамастан, оңтүстікте су тапшылығы мәселе әлі өткір. Министрлік ауаның ластануына да алаңдаулы. Жыл сайын атмосфераға түрлі стационарлық көздерден 2,5 миллион тоннадай зиянды қалдықтар ауаға ұшады. Осы орайда, жылу станцияларын газбен жылытуды жеделдетіп іске асыру жайы талқыға түсті. Сондай-ақ, орман қоры және жануарлар әлемін көбейту табысты іске асты. 2030 жылы елдің ормандылығы 5 пайызға жеткізу жоспары бар. 

Ғабит Бөкенбай 

Хабарламаларға жазылу