Павлодарда ондаған жыл бұрын апатты деп танылған үйлерде әлі адамдар тұрып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ондаған жыл бұрын апатты деп танылған үйлерде әлі адамдар тұрып жатыр

12.02.2021

Павлодарда ондаған жыл бұрын апатты деп танылған бірнеше үйде әлі күнге дейін тұрғындар өмір сүріп жатыр. Әбден тозығы жеткен ескі баспанада тұру өміріміз үшін қауіпті деген тұрғындар әкімшілікке арызданды. Мәселен, қаланың орталығындағы 16 пәтерлік қос үй осыдан 70 жыл бұрын алюминий зауытының құрылысшыларына уақытша баспана ретінде салынған. Қабырғасы жұқа, тұтас тақтайдан құрастырылған нысанның пайдалану мерзімі 15-ақ жыл. Іргесі сөгілген соң, тұрғындар сыртын кірпішпен өрген. Тұрғындардың қолында үйдің апатты екенін растайтын құжат бар. 

Күләйім Мұқышева, қала тұрғыны:
Қабырғаның балшығы түсіп жатыр. Тиіссең, мынаның бәрі шашылып жатыр. Еден суық. 

Облыс орталығында тұруға жарамсыз 44 үй бар. Олар біртіндеп бұзылып, орнына жаңа шағын аудан бой көтеріп келеді. «Ал 16 пәтерлік қос үйдің сырты кірпіш болғандықтан екі жылдан соң ғана сүріледі», - дейді әкімшілік өкілдері.

Жансерік Қапзолла, қалалық әкімшіліктің бас маманы:
Қаланы дамыту жоспарына сәйкес ескі ағаш үйлерді кезең-кезенімен бұзу жоспары бар. Биыл бұрынғы Алюминстрой шағын ауданында екі қабатты 8 үй бұзылатын болады.

Болат Аманбаев 

Хабарламаларға жазылу