Беларусь президенті Александр Лукашенко қолына тым көп билік шоғырландырғанын мойындады. Және 2022 жылы конституциялық референдум өткізуге уәде беріп отыр. Мұндай мәлімдемені ол саяси реформаларды талқылау мақсатында 2700 делегаттың басын қосқан «Халық Ассамблеясының» алдында жасады. Дегенмен, оппозицияның ойынша, мемлекет басшысы билікте уақыт ұзақ қалу үшін негізгі заңды өзгертуге мүдделі. Тағы бір сөзінде Лукашенко революцияның немесе шерулердің екпінімен емес, тәртіп пен бейбітшілік жағдайында басшылықтан кететінін ескертті. Беларусьте оның отставкаға кетуін талап еткен шерулерге тамыздан бері апта сайын жүздеген мың адам қатысуда.
Арыстан Рысбек