Ел аумағында «SOS балалар ауылдары» жобасын кеңейту керек. Сара Назарбаеваның қайырымдылық және педагогика саласындағы қоғамдық бастамаларын талқылауға арналған онлайн-конференцияға қатысушылар осылай деді. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша бүгінде 4 балалар ауылы жұмыс істейді. Бұл жоба балалар үйлерін трансформациялау үшін қажет. Ал, «SOS балалар ауылы» корпоративті қорының директоры балалардың, әсіресе жетім сәбилердің проблемаларын шешуге Сара Назарбаеваның қосқан үлесіне тоқталды. Карантин кезінде балаларға қажет дәрі-дәрмек, дезинфекция және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету қолға алынды. Әрбір отбасылық үйге ноутбуктер, мониторлар мен өзге де жабдықтар орнатылған. Дөңгелек үстелді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен қорытындылады. Ол Сара Назарбаеваның «әрбір бала отбасында тұруға құқылы» деген қағидаға негізделген күш-жігеріне ризашылық білдірді.
Ләйлә Дулатқызы