Дипломаттарға қойылатын талап күшейтілетін болды. Сенат отырысында дипломатиялық қызмет туралы заңға енгізілетін толықтырулар қаралды. Басты талаптың бірі - қазақстандық дипломаттар қызметке орналасқанда мемлекеттік тілмен қатар шет тілін білуі қажет. Сондай-ақ, қандай да бір құқық бұзушылық жасағаны үшін олардың дипломатиялық дәрежесі төмендетіледі немесе одан айыру да қарастырылады. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Құжат еліміздің дипломатиялық қызметінің құқықтық базасын жетілдіреді және реттейді. Және осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді. Жоба сондай-ақ дипломатиялық сала ардагерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған нормаларды да қамтиды.
Дарын Сағитов