Қостанай облысында тасымалдаушы компания міндетін атқарудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында тасымалдаушы компания міндетін атқарудан бас тартты

11.02.2021

Қостанайда электронды төлемге көшуге дайын болмай шыққан тасымалдаушы компания өз міндетін атқарудан ресми түрде бас тартты. Соның кесірінен қаладағы қоғамдық көліктер қалыпты жүрісінен жаңылды. Өз қалауымен келісім –шартты бұзған компания қызмет көрсететін үш бағытты басқа тасымалдаушыға берілген. Бірақ бұл кәсіпорынның басшысы автобус жеткілікті болғанымен, жүргізуші тапшы деп отыр. Қазір қала ішінде жолаушы тасымалымен айналысатын 7 компания бар.

Александр Брунер, тасымалдаушы компанияның директоры:
Бұл тек біздің кәсіпорынның ғана емес, қаладағы барлық автопарктің басындағы түйткіл. Жақында есептеп көрдік, шамамен 200-ге тарта автобус жүргізушісі қажет. Ықтияр білдіргендерді жұмысқа қабылдауға әзірміз.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу