Қостанай облысында 184 рет жылдамдықты асырған ресейлік азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 184 рет жылдамдықты асырған ресейлік азамат ұсталды

11.02.2021

Қостанай облысында 184 рет жылдамдықты асырып, 3 жарым млн теңге айыппұл арқалаған ресейлік ұсталды. Оның 9 ай ішінде жол ережесін осынша мәрте бұзғаны бақылау камералары арқылы тіркеліп анықталған. Көрші елдің 29 жастағы азаматы мұның сыртында жалған автосақтандыру полисін пайдаланыпты. Ұсталған тәртіп бұзушының автокөлігі айып тұрағына қойылды. Үстінен жалған құжат жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Ал жыл басынан бері облыста шетелдік нөмірмен жүрген мыңға тарта көлік иесі жол ережесін бұзған.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу