Павлодарда 2 студент полицияның қызмет куәлігін қолдан жасап сатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 2 студент полицияның қызмет куәлігін қолдан жасап сатқан

11.02.2021

Павлодарда жоғары оқу орнының екі студенті Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің куәлігін қолдан жасап сатқан. Олар әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берушіге табан астында дайындап береміз-деп жарнама берген. Күдіктілер ұсталды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция алдымен қанша қызмет куәлігі сатылғанын және оларды кімдер сатып алғаны жайлы мәліметті анықтауда.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
2001 жылы туған студенттер анықталды және ұсталды. Олардан принтер, процессор дайын куәліктер және куәлікті жасауға дайындап қойған қызыл парақшалар табылды. Қазір қылмыстык іс қозғалып, сараптама тағайындалды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу