Шығыс Қазақстанда қар көшкінінен турист қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда қар көшкінінен турист қаза тапты

11.02.2021

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні кезінде бір адам қайтыс болды. 6 саяхатшы Риддер қаласының маңындағы тауда сырғанап жүргенде кенеттен көшкін жүріп, біреуін қар басып қалған. Құтқарушылар жеткенше туристер оның денесін өздері тауып алды. Саяхатшылар айтқан жерге құтқарушылар мен волонтерлар қалың қарда қия беткеймен әрең жеткен. Оның үстіне қараңғы болып кеткен. Сондықтан көз жұмған адамның денесін таудан тек бүгін таңертең түсіру туралы шешім қабылданған.

Жадыра Аманғалиқызы, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің маманы:
Осы хабар келіп түсе сала «Казавиақұтқару» бөлімшесінің тікұшағымен шыққан болатын. Алайда, ауа райының қиындығына байланысты ол жерге қона алмай, басқа да көліктің түрлерімен жетіп, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу