Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп балалар кардиохирургтерінің жетіспеушілігі мәселесін көтерді.
Айтуынша, елімізде балалар аритмологтары, балалар кардиохирургі, перфузиолог мамандары жетіспейді.
«Қазіргі уақытта 7 қаладағы кардиохирургиялық 10 орталықта балалардың жүрек ақауына операция жасау мүмкіндігі бар. 2020 жылы 18 жасқа дейінгі балалар арасында ашық жүрекке - 1627, оның ішінде 1 жасқа дейінгі - 1128 балаға, 271 нәрестеге операция жасалған. Ота жасау барысында хирургтер көп жағдайда шұғыл шешім қабылдайды. Ал бұл – үлкен жауапкершілік. Жалақысы төмен, жауапкершілігі жоғары болған соң жас кардиохирургтер бұл мамандық бойынша тұрақтап істемейді», - деді ол.
Сондықтан депутат осы сала мамандықтарының мәртебесін де, жалақысын көтеру қажеттігін айтты.