Жүргізуші куәлігінсіз жүргендердің ескі айыппұлдары кешіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүргізуші куәлігінсіз жүргендердің ескі айыппұлдары кешіріледі

11.02.2021
Жүргізуші куәлігінсіз жүргендердің ескі айыппұлдары кешіріледі

13 ақпаннан бастап қазақстандықтар көлік құжаттарынсыз жүре алады. Ал азаматтардың заң күшіне енгенге дейінгі құжаттардың болмауына байланысты салынған ескі айыппұлдары кешіріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменітінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұндай істер мәжбүрлі түрде орындалмайды. Яғни, тек құқықбұзушылардан тиісті өтініштер түскен жағдайда ғана жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша тоқтатылуы керек», - делінген хабарламада.

Түзетулер шетелдік нөмірлі автомобильдерге, сондай-ақ жүргізуші куәлігін Қазақстаннан тыс жерлерде алған адамдарға қолданылмайды. Олар үшін жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті ұсыну міндетті болып қала береді.

Сондай-ақ полиция сақтандыру полисі болмаса қандай жаза қолданылатынын да еске салды.

«Егер жүргізуші сақтандыру полисінде жоқ болса, онда оған Әкімшілік кодекстің 230-бабының 2-бөлігіне сәйкес – 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл салынып, 797-бапқа сәйкес автокөлік тұраққа қойылады. Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті талап етпеу міндеттемесін алып тастағанда, сақтандыру полисінде жазбаның болуы іс жүзінде осы көлікті басқарудың заңдылығын растайтын жалғыз нәрсе болып табылады», – дейлі олар. 

Хабарламаларға жазылу