Латын әліпбиіне көшудің алгоритмі айқындалды. Тіл саясаты комитеті онлайн жиын өткізіп, жұмыс жоспарымен бөлісті. Сонымен мақұлданған латын әліпбиін Президент бекітсе, осы жылдан қалмай орфографиялық сөздіктер, анықтамалар даярланады. Сондай-ақ, латын негізді алфавит пен емле кезең-кезеңімен ұстаздар қауымына оқытылады. 2022 жылы жаңа әліпбимен мектеп алды оқушылар оқи бастаса, 2023 жылдан бастап бірінші сынып оқушылары дыбыстарды жаңаша таңбалайтын болады. Осылайша 2031 жылы латын әліпбиінде білім алған алғашқы түлектер өмірге араласатын болады, дейді тіл жанашырлары. Отырыста сондай-ақ, жаңа қаріпті пернетақтаға түсіру жайы талқыланды. Оның бірнеше нұсқасы дайын.
Ләйлә Дулатқызы