Транспорт саласында төрт мыңнан аса адам жұмыссыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Транспорт саласында төрт мыңнан аса адам жұмыссыз қалды

10.02.2021

Елде 200-ден автокөлік кәсіпорны мен 36 автовокзал шығынға батып, былтыр 4 мыңдай адам жұмыссыз қалды. Бұл туралы «Kazlogistics» одағы хабарлады. Жолаушылар ағыны 63%-ға төмендеген. Тіпті жақында 9 млн теңге қарызға батқан Петропавл автовокзалы сатуға қойылды. «Kazlogistics» одағының мамандары 300 шақырым қашықта өңіраралық тасымалды қалпына келтіру саланың мәселесін шешпейді, дейді. Керісінше шектеу күшейген сайын заңсыз тасымалдаушылар көбейгенін айтады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу