Салық декларацияларының 99 пайызы электрондық түрде тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салық декларацияларының 99 пайызы электрондық түрде тапсырылды

10.02.2021

Сандық технологияны дамыту пандемия кезінде өз тиімділігін көрсетті. Осыған орай электрондық қызмет түрлері де артып келеді. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері «E-Salyq Азамат» мобильді қосымшасының мүмкіндіктеріне арналған брифингте осылай деді. Өткен жылы халыққа ұсынылған 22,3 млн қызметтің 97 пайызы электрондық түрде жүзеге асырылған. Салықтық есептер мен кедендік декларациялар қашықтан тапсырылды. Айта кетерлігі, «E-Salyq Азамат» мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен тегін жүктеуге болады. Қосымша салық бойынша кешенді қызмет түрлерін ұсынады.

Жайдар Іңкәрбаев, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:
-2020 жылдан бастап кейбір қызмет түрлері комитеттің порталы немесе «E-Salyq Азамат» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болуда. Салық төлеуші өзінің берешек сомасын, салықтық берешектің бар-жоғын осы «E-Salyq Азамат» арқылы біле алады.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу