Жансейіт Түймебаев ҚХА Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жансейіт Түймебаев ҚХА Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

10.02.2021
Жансейіт Түймебаев ҚХА Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп  Ақорда хабарлайды. 

Еске сала кетсек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық өткен Республикалық комиссия «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі ұсынған кандидаттармен әңгімелесу өткізіп, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры лауазымына Жансейіт Түймебаевты таңдаған еді.


Хабарламаларға жазылу