Қарағандыда қарақшылар кассирге бензин шашып, ақшасын тонап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда қарақшылар кассирге бензин шашып, ақшасын тонап кетті

10.02.2021

Қарағандыда шағын несие ұйымдарының біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Ер адам кассирге бензин шашып, өртеп жіберемін деп қорқытқан. Зәресі ұшып кеткен 28 жастағы әйел 120 мың теңгені қолына ұстата салған. Барлық жайт іштегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға кеше сағат 16:00-де қаладағы шағын несие ұйымдарының бірінде болған. Медициналық бетперде киген екі белгісіз ер адам кассирді қорқытып, ақша алып кеткен. Күдіктілер іздестірілуде. 

Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция кешенді іс-шаралар атқаруда. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу