Жамбыл облысында педофилге химиялық кастрация жазасы қолданылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында педофилге химиялық кастрация жазасы қолданылады

09.02.2021

Жамбыл облысында алғаш рет түзеу мекемесінде жатқан педофилге химиялық кастрация жасау жазасы қолданылмақ. Қазір қалалық емхана мамандары жазаға кесілген қылмыскердің денсаулығын жан-жақты зерттеуге кіріскен. Олар сотталушыға қандай химиялық екпе салу керек екендігін анықтайды. Жалпы, Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінде жатқан 13 педофилге кастрация жасау жоспарланған. Оған бюджеттен 1 млн 373 мың теңге қаражат бөлінген. Сот шешімі шыққан жағдайда медициналық сараптамадан соң химиялық екпе жасалады.


Хабарламаларға жазылу