Ел аумағында жаңадан 200 мектеп салу жоспарланып отыр - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел аумағында жаңадан 200 мектеп салу жоспарланып отыр - министр

09.02.2021

Биыл ел аумағында жаңадан 200 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Білім және ғылым министрі айтты. Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысына ұстаздардың мәртебесін арттыру мен еңбекақысын өсіру бойынша атқарылған шаралар туралы да баяндады. Кездесуде балалар құқығын қорғау, колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту мәселелері талқыланды. Президент Қазақстанның білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру бойынша министрге бірқатар тапсырмалар берді.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу