Алматы облысында үш елді мекенді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында үш елді мекенді су басты

09.02.2021

Алматы облысында қатты жауын-шашын салдарынан үш елді мекенді су басты. Ескелді ауданында Ешкіөлмес, Нұрмолда Алдабергенов, Көксу ауданында Талапты ауылына толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар суы кірген. Облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлері 40 шақты ауладан су шығарып, ағынды судың арнасын бұрып бөгеттер орнатты. 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. 

Сағира Тұрлыбекқызы, ауыл тұрғыны:
Осындай көмектің келетінін білмейтін едім. Енді рахмет, барша балаларға. Атсалысып жатыр. Үйімнің алдын тазалап бітті.



Хабарламаларға жазылу