Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған алматылық дәрігерлердің жағдайы жақсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған алматылық дәрігерлердің жағдайы жақсы

09.02.2021

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың жағдайы жақсы. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының дәрігер-эпидемиологы Эльвира Ибрагимова онлайн брифингте айтты. Оның сөзінше, медицина қызметкерлеріне екпе салдыру үшін тағы 1700-ден аса доза жеткізілген. Вакцина бірінші кезекте инфекциялық стационарлардың, реанимация бөлімдері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына салынады. Екпе екі кезең бойынша жүргізілетіндіктен, тағы да 2 мыңға жуық доза әкелінбек. Вакцинаның бірінші дозасы иммундық жүйені қалыптастырса, екіншісі оны күшейтеді. Қазірдің өзінде 1300-ден аса медицина қызметкері екпе салдырып үлгерді. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу