Салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді 1 наурызға дейін әзірлеу қажет. Үкімет басшысы Асқар Мамин жауапты ведомство мен мемлекеттік орган басшыларына осындай тапсырма берді. Жаңашылдық 500 мыңға жуық жалдамалы жұмысшыны еңбекпен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, салық міндеттемелерін орындау тәртібін жеңілдетіп, жаңа инвестициялар тартуға жол ашады. Мұның сыртында, шағын бизнес нысандарын тексеруге жарияланған 3 жылдық мораторий өз жемісін беруі тиіс.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:Арнайы салық режимдерін қолданатын шағын және орта бизнес субъектілері табыс салығынан босталды. Бұл шаралар кәсіпкерлердің 3 жылда 400 млрд теңгені өз бизнесін кеңейту мен дамытуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық тәсілдерге сүйеніп салықтық әкімшілендіруді түбегейлі жұмсарту бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.
Үкімет басшысы салық төлеушілер мен кәсіпкерлерге арналған тегін «Е-Salyq Azamat» және «E-Salyq Business» мобильді қосымшаларын белсенді дамыту керек дейді. Себебі жаңашылдықтар артық төлемді болдырмау секілді көптеген жеңілдіктерге мүмкіндік береді. Онлайн бақылау касса машиналары мен POS-терминалдарды белсенді пайдалану мен оған қатысты жұмыстарды да пысықтау қажет.
Дарын Сағитов