Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд долларды құрайды - Ұлттық банк - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд долларды құрайды - Ұлттық банк

09.02.2021
Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд долларды құрайды - Ұлттық банк

Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 миллиард долларды құрайды. Оның 80%-ы мемлекет те, қарапайым азаматтар да жауап бермейтін жеке ұйымдардың міндеттемелеріне тиесілі. Бұл туралы Ұлттық Банктің Төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев мәлімдеді.

«Сондықтан бұл ақша бюджеттің немесе халықтың қаржысы есебінен төленбейді. Мемлекеттік сыртқы қарыз ел борышының 8,2%-ын немесе 13,2 млрд АҚШ долларын, ал квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы – 12,5% немесе 20,1 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл жалпы алғанда ІЖӨ-ге шаққанда 18,8% және халықаралық тәжірибеге сәйкес, қауіпсіз деңгейге жатады», - деді ол.

Деректерге сәйкес, елдің сыртқы қарызының құрылымында ең көп үлесті жеке сектордың фирмааралық берешегі алып отыр (101,3 млрд АҚШ доллары немесе 62,9%), оның маңызды бөлігі шетелдіктердің қатысы бар үш ірі жоба – Қашағанға және ТШО мен Қарашығанаққа тиесілі. Мұндай жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвесторлар Қазақстанда тіркелген өз тобының компанияларын қаржыланырады. Халықаралық әдіснамаға сәйкес, осындай инвестициялар да елдің сыртқы қарызы болып саналады.

Хабарламаларға жазылу