Азық-түлік бағасы бір айда 1,1%-ке көтерілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік бағасы бір айда 1,1%-ке көтерілген

08.02.2021

Азық-түлік бағасын бақылау күшейіп, тұрақтандыру қорларының жұмысы жанданды. Бүгін қымбатшылықпен қалай күресіп жатқанын айтқан Сауда және интеграция министрі қазір азық-түліктің 9 түріне шекті баға белгіленіп, 7 түрін экспорттауға тыйым салынғанын жеткізді. Әрі әлеуметтік тауарлардың 40 мың тоннаға жуық қоры жиналған. Бұл негізсіз қымбатшылықтың алдын алып, бағаны реттеуге мүмкіндік береді дейді. Қазір тауарлардың құны көтеріліп жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше өткен жылы 11 пайызға қымбаттаған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қаңтарда да 1,1 процентке көтерілген.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу